
“Ауыл – ел бесігі” мемлекеттік бағдарламасы аясында жүйелі негізде ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.
Соның бірі – Шақпақ ауылдық округінің Т.Дүйсебайұлы ауылындағы С. Тотайұлы көшесін орта жөндеу жұмыстары.
Ұзындығы 1,6 км болатын бұл көше ауыл тұрғындары үшін негізгі жолдардың бірі болып табылады.
Орта жөндеу жұмыстарын “ПМК-109” ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді. Компанияның техникалары мен мамандары толық жұмылдырылып, қысқа мерзімде сапалы жұмыстарды орындауға күш салды.
Бүгінгі күнге Т. Дүйсебайұлы ауылындағы барлық көшелер толығымен асфальтталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy-shakpak/press/news/details/1058005?lang=kk
Жауап қалдыру