
Тимур Хабибулин Қарағанды облысындағы «Топар» ГРЭС-тың электр цехында кезекші электромонтер болып жұмыс істейді. Энергетика саласына ол кездейсоқ келген жоқ — осы станцияда оның атасы мен ағасы да еңбек еткен. Мамандық таңдауға дәл солардың үлгісі себеп болған.
«Электромонтердің жұмысы әрдайым қажет. Бұл – тұрақтылық пен болашақ. Қазақстан дамып келеді, сондықтан жаңа жобалар іске асады», – дейді Тимур.
Бүгінде ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жаңа дағдыларды меңгеріп, маман ретінде одан әрі дамуды жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1057328?lang=kk

Жауап қалдыру