
Лесной ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – ұлттың ұстыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында оқырмандар заңнамаға қатысты түрлі әдебиеттермен танысты. Оларға Конституцияның тарихи маңызы, мемлекеттің дамуындағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктеме берілді. Кітапханашы көрмеге қойылған басылымдарға шолу жасап, Ата Заңның ел болашағын қалыптастырудағы орны туралы ақпарат берді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапхансының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1058060?lang=kk
Жауап қалдыру