e-sen.kz порталында жаңа сервистік бағдарламалық өнім – «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесінің (АЖ СЭҚ) апробациясы іске қосылды. Жүйенің мақсаты – санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бақылау және мониторинг жүргізу үдерістерін жеңілдету мен автоматтандыру, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын ыңғайлы ету.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Осыған байланысты Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық санэпидбақылау басқармаларының қатысуымен оқыту семинарын ұйымдастырып, бағдарлама мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі таныстырды.
АЖ СЭҚ-тың негізгі мүмкіндіктері:
✅кәсіпкерлер мен санитариялық қызмет мамандары үшін дербестендірілген кабинеттер;
✅профилактикалық іс-шараларды автоматтандыру: медициналық тексерулер, зертханалық зерттеулер туралы ақпаратқа қолжетімділік, есептер мен ұсынымдар қалыптастыру;
✅санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау талаптарына сәйкес келмейтін өнімді реестрден тексеру.
Айта кетейік, жүйемен e-sen.kz ресми сайтында танысуға болады. Жақын уақытта енгізудің ашық кезеңі басталып, оның аясында кәсіпкерлер жаңа сервистің жұмысын сынақтан өткізе алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1058659?lang=kk