Қала әкімі Азамат Қапышев газдандыру жұмысының барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қосшы қаласын газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру үш кезең бойынша жоспарланған:

✅ 1-кезең – 2025 жылдың III тоқсанында аяқтау көзделген. Бұл кезеңде: Астана қаласынан Қосшыға дейін жеткізуші газ құбыры тартылады, орта және төмен қысымды газ құбырлары жүргізіледі.

ГТШ-дан (қала кіреберісіндегі пост жанында орналасқан) Абай көшесіне дейін Республика көшесінің оң және сол жағын қамти отырып, Абай көшесінен Ұлы Дала көшесіне дейін Республика көшесінің оң жағында газдандыру жүргізіледі.

✅ 2-кезең – Абай көшесінен бастап 19 және 20-ыншы ықшамаудандарға дейін. Аяқталу мерзімі – 2026 жылдың III тоқсаны.

✅ 3-кезең – 2026 жылы толық аяқтау жоспарланған. Бұл кезеңде: «Бәйтерек» ықшамауданы, 5-солтүстік квартал, Республика, Абай және Ә. Жангелдин көшелері арасындағы квартал, «Академия» тұрғын үй кешені орналасқан аудан және Ғ. Амансүгіров көшесіне дейінгі аумақ газбен қамтылады.

💬 Газдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау – басты мақсат!

📍 Қала әкімі жұмыс барысын қадағалап, жауапты мердігерлер мен бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1058333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді