
Стенд атудан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында топ жарды.
Трап бағдарламасындағы аралас жұптық сында Элеонора Ибрагимова мен Никита Моисеев финалда үндістандық қатарластарынан басым түсті. Есеп: 38-37.
Жүлдегерлер:
1. Қазақстан-1 командасы
2. Үндістан-2 командасы
3. Өзбекстан-1 командасы
Айта кетейік, осыған дейін Никита мен Элеонора ерлер мен әйелдер арасында командалық сайыста күміс жүлде иеленіп үлгерген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1058056?lang=kk
Жауап қалдыру