
Бүгінгі қала мәслихатының жиырма сегізінші сессиясында мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту және алдағы маусымдарға дайындық мәселелері талқыланды.
Сессияға қала әкімінің бірінші орынбасары А.Кәрімов, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты. Жиынды мәслихат төрағасы Б.Мәдәліұлы ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.
Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандары әкімдерінің есептері тыңдалып, бекітілген жоспарлардың орындалу барысы баяндалды.
Жаңа оқу жылына дайындық, материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаңа білім ошақтарының құрылысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім сапасын арттыру мәселелері де қаралды.
Жылу маусымына дайындық, қазандықтар мен жылу желілерін жөндеу, халықты үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жұмыстары да назардан тыс қалмады.Бұдан бөлек, қала мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және алдағы сессия жұмысы жоспарланды.
Сессия соңында қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту баршаның ортақ міндеті екенін айтып, осы бағытта жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1058110?lang=kk
Жауап қалдыру