Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 27 тамызда Тимирязев ауданына жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі С.М. Серікбаев келді.
 
Мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметте парасаттылық қағидаттарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
 
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, лудомания және деструктивті діни ағымдардың қызметке тартылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
 
Кездесу қорытындысы бойынша консультативтік-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін одан әрі арттыруға және мемлекеттік аппаратта ашықтық пен жауапкершілік ахуалын қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/1058426?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді