СҚО-да Конституция күні қарсаңында суға батып бара жатқандарды құтқарған полицейдің анасын марапаттады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавлдағы «Qyzyljar Creative Center» концерт залында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің салтанатты жиналысы өтті.

Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов жеке құрамды, ардагерлерді және қоғам өкілдерін мемлекеттік мерекемен құттықтады.

«Конституцияда бекітілген құндылықтарды сақтауымен қатар, ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі – азаматтардың сенім деңгейін арттыру және қоғаммен конструктивті өзара іс-қимыл орнату», – деп атап өтті ол.

Мерекелік бұйрықпен бірқатар полиция қызметкерлері марапатталды. Есіл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ринат Сәдуақасовқа атқарып жүрген лауазымынан бір саты жоғары – полиция подполковнигі арнайы атағы берілді.

Төрт қызметкер «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды. Солардың бірі – биылғы жазда Ғабит Мүсірепов ауданының жағажайында ер адам мен баланы суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалған Ерлан Қазиев.

Ерланның анасы – Сәуле Шотақызы да полиция ведомствосының игі дәстүріне сай салтанатты жиынға шақырылды. Ұлын отансүйгіштік пен ерлік рухында тәрбиелегені үшін генерал-майор Айдын Қабдұлдинов оған СҚО ПД-нің Алғыс хатын табыс етті.

Сонымен қатар Департаменттің Құрмет грамоталары полиция қызметкерлеріне, ардагерлерге, сондай-ақ заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетуде, қоғаммен диалогты нығайтуда сенімді серік болып жүрген қоғамдық белсенділерге тапсырылды. Олардың арасында – ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері Хайдар Қашенов, «Динамо» спорт қоғамы облыстық филиалының бас маманы Галина Скорых, СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші орган мүшесі Александр Казанцев, «Демеу» балалар мәселелерін үйлестіру орталығының директоры Жұлдыз Саттарова бар.

Жиын полиция департаменті Мәдениет орталығының вокалды тобы ұсынған патриоттық әндерге толы әсерлі концертпен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1058672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді