2025–2026 оқу жылына дайындық: білім мазмұнын жетілдіру бағыттары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   27 тамыз 2025 жыл Аягөз ауданы, Білім бөлімі
   Аягөз ауданы білім бөлімінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық кабинетінің меңгерушісі Ж.Маликованың жетекшілігімен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік отырыс өткізілді.
    Отырыстың басты тақырыбы — 2025–2026 оқу жылында білім беру мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары. Жиын барысында жаңартылған білім мазмұны, педагогтердің кәсіби даму стратегиялары, заманауи оқыту әдістері және оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру мәселелері кеңінен қарастырылды.
    Мұндай кездесулер білім беру сапасын арттырып, мектептер арасында тиімді тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
   Алдағы оқу жылы барлық білім беру ұйымдары үшін маңызды кезең болмақ. Сондықтан да бұл отырыс қатысушылар үшін құнды бағыт-бағдар берді.
#Әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Маликова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1058720?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді