Ағымдағы жылдың 28 тамызында Астана қаласында шахматтан «Senat Open» II ашық кубогының финалдық турнирі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараны Парламент Сенаты Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н.К. Макраев, қалалық мәслихат депутаты Л.Т. Қасыманова және қалалық мәслихат аппаратының басшысы Б. М. Аманова қатысты. Жартылай финалдың қорытындысы бойынша Екібастұз қаласы Кіші кубокқа ие болды.

Біздің жерлесіміз В.В. Колесников Павлодар облысының атынан қатысқан финалистердің қатарына кіргенін атап өткен жөн.

Турнир шахмат шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және зияткерлік өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды алаңға айналды.

«Senat Open» еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген талантты шахматшыларды жинаған біріктіруші турнир мәртебесін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1059430?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді