
Салтанатты шара ҚР Мемлекеттік Туының енгізілуі мен Әнұран орындалуынан басталды. Жиынға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде өңір басшысы Конституцияның ел дамуы мен қоғам тұрақтылығындағы тарихи рөлін атап өтті.
Конституциямыз еліміздегі саяси тұрақтылықтың, қоғамдық келісім мен азаматтық бірліктің негізгі кепілі. Ата Заңымыздың негізінде әділдік, ашықтық және заң үстемдігіне негізделген басқару жүйесі қалыптасты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу біздің негізгі мақсатымыз екенін атап өтті. Бұл тұрғыда «Заң және тәртіп» қағидатының бастауында да осы құжатымыз тұр.
Қазақстанның бүгінгі бағындырған биіктерінің басты тұғыры — бірлік пен береке. Соңғы 30 жылда Қазақстан халқының тұтастығының кепілі — Ата Заңымыз болып отыр», — деген облыс әкімі әр салада қызмет еткен еңбек ардагерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ел мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен еңбек ардагерлері Серік Ботағарин, Естай Жайлыбай, Айтқали Италиев, Сәния Қалдығұлова және Сұлупан Шынтасовалар марапатталды.
Ата Заңымыз асқақ, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздің амандығын тілеймін!», — деді.
Өңір басшысы аталған байқаудың жеңімпаздарын құттықтап, сый-сияпат ұсынды. Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңіне қала мен аудандардан 22 әулет қатысқан болатын. Нәтижесінде Ойыл ауданынан келген Теремұратовтар отбасы бас жүлдені жеңіп алды. Бұл әулет қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/news/details/1059447?lang=kk

Жауап қалдыру