Біржан сал ауданынының прокуроры ҚР Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында мұғалімдермен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 2025 жылғы 27 тамызда Степняк қаласында Біржан сал ауданының Мәдениет сарайында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты мұғалімдердің тамыз конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – алдағы оқу жылына дайындық және мектеп оқушыларының білім алу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу.

Іс-шараға 200-ден астам адам, оның ішінде аудан әкімі, прокуроры, Ақмола облысы Білім басқармасының өкілі, аудандық оқу орындарының директорлары мен оқытушылар құрамы қатысты.

Аудан басшылығы мектептердің ең көрнекті мұғалімдері мен жұмысшы тобына, оның ішінде еден жуушылар мен көлік жүргізушілерге құрмет көрсетіп, марапаттады.

Жиналғандар алдында аудан прокуроры Ануар Құлышев сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында іс-шараның маңыздылығы мен оны өткізудің орындылығын атап өтті.

Прокурор өз сөзінде, мектептерді оқу үдерісін қауіпсіз және сапалы жүзеге асыру үшін барлық жағдаймен қамтамасыз етуді, сондай-ақ олардың әкімшілігі мен мұғалімдерінің назарын «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында оқушыларды заңға бағынатын мінез-құлыққа тәрбиелеуге аударуды ұсынды.

Конференция мерекелік концертпен аяқталып, аудандағы оқу орындарының оқушылары мен мұғалімдері шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1058763?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді