КИБЕРАЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Есіл ауданында тұрғындарға және аппарат қызметкерлеріне киберқауіпсіздік негіздерін түсіндіруге арналған ашық кездесу өтті. Жиын барысында ішкі істер органдарының өкілдері алаяқтардың жиі қолданатын әдістері туралы айтып, жеке деректерді қорғау жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар интернетте күмәнді әрекеттерді байқаған жағдайда қандай шара қабылдау қажеттігі жөнінде нақты кеңестер берді.

Кездесуге қатысқандар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, күнделікті өмірде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты пайдалы ақпараттар естіді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-esil/press/news/details/1059303?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді