Мектеп автобустары қатаң бақылауда: ШҚО-да полиция жаңа оқу жылы қарсаңында көліктерді тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылының басталуына орай Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті күнделікті оқушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін мектеп автобустарының техникалық жай-күйіне кешенді тексеріс жүргізді.

Тәртіп сақшылары ең алдымен қауіпсіздік белдіктерінің бар-жоғына, есіктер мен терезелердің дұрыстығына, «жолаушы–жүргізуші» байланыс құрылғыларының жарамдылығына, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек қобдишалары мен өрт сөндіргіштердің толық болуына баса назар аударды.

Өңір бойынша барлығы 127 мектеп автобусы тексеріліп, олардың көмегімен күн сайын 4 500-ден астам оқушы білім ордаларына жеткізіледі.

ШҚО Полиция департаменті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы бұл бақылау шаралары оқу жылы бойына тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-vavilon/press/news/details/1059083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді