
Оралдағы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы дәстүрлі облыстық тамыз конференциясына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров, облыстық білім басқармасы басшысы Елдос Сафуллин және
білім саласының жетекшілері мен түрлі сала өкілдері қатысты.
🟢 Пленарлық отырыста жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу, мектеп пен колледждерді дамыту, педагогтердің кәсіби өсуі, цифрлық технологияларды қолдану мәселелері кеңінен талқыланды.
🔹 Министрлік өкілі жаңа оқу жылының ерекшелігі мен міндеттеріне
тоқталды.
🔹 Аймақ басшысы өңірлік білім инфрақұрылымын нығайтуға басымдық берілетінін айтты.
🔹 Білім басқармасының басшысы білім саласының негізгі көрсеткіштерін атап өтті.
✨ Ерекше сәт – оқушылар сарайының «Роботтық техника» үйірмесінің оқушысы Алиислам Құрманғалиев өз жетістіктерімен бөлісіп, болашаққа деген арманын айтты.
📍Пленарлық отырысқа 800- ге жуық ұстаз қатысты.
Конференция соңында үздік білім беру ұйымдары мен педагогтер, қызметкерлер марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1059102?lang=kk
Жауап қалдыру