
2025 жылдың 22 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбымен өткен дәстүрлі қалалық тамыз кеңесіне қатысты.
Жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым мен министрлік өкілдері, қала әкімдігі мен құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп директорлары, ұстаздар қатысты.
Жиынға арнайы келген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы міндеттерді атап өтті. Мемлекет басшысының білім беру саласына ерекше қолдауының нәтижесінде соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1058942?lang=kk
Жауап қалдыру