Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы қандай вакцина тіркелген?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлемде адам папиллома вирусына (бұдан әрі – АПВ) қарсы вакцинаны фармацевтикалық компаниялардың шектеулі саны шығарады. Қазақстанда вирустың неғұрлым онкогенді түрлерінен қорғауды қамтитын АПВ-ға қарсы вакциналардың 4 түрі тіркелген:

– «ГлаксоСмитКляйн» (Бельгия) компаниясы шығарған 2-валентті «Церварикс» вакцинасы, ол АПВ -ның 2 түрінен қорғайды – 16, 18;

– АПВ -ның 2 түрінен қорғайтын Қытайда шығарған 2-валентті «Цеколин» вакцинасы – 16, 18;

– «Мерк Шарп и Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4-валентті «Гардасил» вакцинасы, ол 4 типті АПВ -дан қорғайды –  6, 11, 16, 18;

– «Мерк Шарп и Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 9 валентті «Гардасил 9» вакцинасы, ол АПВ-ның 9 түрінен қорғайды –  6, 11, 16, 18, 31, 33, 45, 52, 58.

Қазақстанда АПВ -ға қарсы вакцинациялау үшін «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4-валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады, ол АПВ -ның 4 түрінен –  6, 11, 16, 18 қорғайды;

Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға уақытымен екпе алыңыз және сау болыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1059201?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді