ҚР Әділет министрлігі мен Maqsut Narikbayev University арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Әділет министрлігі мен Maqsut Narikbayev University елімізде цифрландыруды дамытуға және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған Меморандумға қол қойды.

Цифрлық технологиялар мен қоғамның қолжетімді құқықтық қолдауына деген қажеттілігі артып келе жатқан дәуірде Әділет министрлігі мен еліміздің жетекші университеті құқық саласына инновациялар енгізу үшін күш біріктірді.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков бұл стратегиялық қадам екенін және ол заңгерлік қызметтердің сапасын арттыруға және құқықтық көмекті әрбір азаматқа қолжетімді етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыруды дамыту жөніндегі соңғы кеңесте цифрландыру – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы әрі орнықты дамудың негізі. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін барынша пайдалану және цифрлық экономика жағдайында жұмыс істей алатын мамандарды даярлау қажет екенін айтты.

Аталған меморандум құқықтық білім беруді цифрландыру, үздік құқықтық тәжірибелерді дамыту және халыққа тегін құқықтық көмек көрсетуді мақсат тұтатын «Заң клиникасы» ұлттық жобасын қолдау саласындағы ынтымақтастықты бекітеді.

Maqsut Narikbayev University ректоры Сергей Пен университеттің 30 жыл бойы заң саласында құзыреттер орталығы болып келгенін және енді министрлікпен ынтымақтастықты кеңейтіп, білім мен ғылымға озық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізуді көздеп отырғанын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1059100?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді