
Қарағанды облысы білім басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі жастағы балалардың кезектілік тізімін жыл сайын жаңарту мақсатында (“INDIGO: электрондық балабақша” АЖ) сіздің назарыңызға жеткізеді indigo24.kz.) 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың кезектілігін 12 айда бір рет міндетті түрде растауды көздейді. Егер ата-ана кезекті растамаса, онда ол өз кезегін жоғалтады және «тоқтату» парағына түседі. Өтініштің қолданылу мерзімін ұзарту үшін сізге 2025 жылғы 2 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейінгі аралығында:
1. «Жеке кабинетке» кіру;
2. «Менің өтініштерім» мәзір тармағын таңдау;
3. «Қызығушылықты растау» батырмасын басу.
Егер бұл батырма белсенді болмаса, онда сіздің кезегіңіз расталды немесе берілген сәттен бастап 12 ай өткен жоқ.
Қарағанды облысы білім басқармасының
«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1059433?lang=kk

Жауап қалдыру