СЕМИНАР: Қоғамдық тамақтану объектілеріне және өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Мереке қарсаңында тамақтан улану, ботулизм, тағамдық токсикоинфекциялар және жіті ішек инфекцияларының алдын алу.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қоғамдық тамақтану саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде тамақ өнімдерінің көшпелі саудасына жиі қатысатын стационарлық емес жылдам қызмет көрсету объектілері үшін, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерінде аутсорсингтік қызметтер көрсететін бизнес субъектілері және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары үшін келесі “Қоғамдық тамақтану объектілеріне және өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Конституция күні мен Шахтер күнін мерекелеу қарсаңында тамақтан улану, ботулизм, тағамдық токсикоинфекциялар және жіті ішек инфекцияларының алдын алу. Көшедегі сауда-саттыққа қойылатын талаптар” тақырыптар бойынша ZOOM-семинар өткізді.
Семинарда спикерлер Қарағанды облысындағы жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдай және халықтың эпидемиологиялық саламаттылығын қолдауға бағытталған алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынды. Азық-түлік өнімдерін өңдеу, қабылдау, сақтау және өткізудің барлық кезеңдеріндегі Санитариялық қағидалардың талаптары, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерінде тамақтандыру қызметтерін көрсететін аутсорсингтік компанияларға қойылатын талаптар түсіндірілді. Өндірістік бақылау бойынша есептілікті ұйымдастыру, орындау және жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алдағы мерекелер қарсаңында тамақтан улану, тағамдық токсикоинфекциясы, ботулизм және жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында тамақ өнімдерін көшпелі сатуды жүзеге асыратын субъектілерге сақтауға міндетті санитариялық талаптар жеткізілді.
Іс-шараға қатысушылардан келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1058989?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді