Жарқайың ауданында азаматтарды көшпелі қабылдау өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 28 тамызда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Жарқайың ауданы прокуратурасы полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, Пятигорское ауылында азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді.

Іс-шара халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жедел қарауға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды. Қабылдау барысында ауылдағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының профилактикасы, соның ішінде тіркелмеген мотоцикл көлігін пайдалану фактілері талқыланды.

Сонымен қатар, тұрғындармен интернет алаяқтықтарының алдын алу, сондай-ақ өздерінің банк шоттарын заңсыз операцияларға бергені үшін жауапкершілікке тартылатын «дропперлердің» қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ауыл тұрғындарына заң талаптарын сақтау, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Аудан прокуратурасы азаматтарды көшпелі қабылдау тәжірибесін жалғастыра отырып, қолжетімділікті, ашықтықты қамтамасыз етеді және халықтың көкейкесті мәселелеріне жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1059539?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді