🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: АТА ЗАҢ – АЗАМАТТАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕПІЛІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Бүгін Департаментпен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, азаматтардың еңбек қатынастары бойынша құқығын қорғау мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылып, Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы, Департамент басшысының орынбасары Берік Серікбайұлы жеке қабылдау өткізді.
 
🔹 Аталмыш іс-шараның мақсаты – еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар (ең төменгі айлық жалақының көлемі, күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы, жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы);
– қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері;
– кепілдіктер мен өтемақы төлемдері бойынша (жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеу);
– жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері (вахталық жұмыс әдісі, маусымдық жұмыстар, үй жұмыскерлері және т.б.);
– жеке және ұжымдық еңбек даулары бойынша өзекті мәселелерді қарастыру;
– жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасаудың маңыздылығы.
 
🔹 Іс-шара барысында Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан келген 12 азаматтарды жеке қабылдап, оның ішінде 2 азамат тарапынан арыз жазылып, өндіріске қабылданды, 10 азаматқа еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірме берілді.
 
🔹 Сонымен қатар ZOOM қосымшасы арқылы бейне байланыс орнатылып, аудан, қалалардан онлайн форматта хабарларсқан 5 азаматтарға еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірме берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1058599?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді