«Абай облысының азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қалалық филиалының мамандарымен оқыту семинарын өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 27 тамызда Мемлекеттік тіркеу көрсету сапасын арттыру мақсатында Абай облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің  бас маманы Сауле Галиевамен «Абай облысының азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қалалық филиалының мамандарымен оқыту семинарын өткізді. Семинардың тақырыбы «Қазақстан Республикасының әділет органдарының, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету. 

Бас маман Сауле Галиева Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін атап өтті:

– Египет мемлекетіне ұсыну үшін апостиль қоюға құжаттар қабылданды (1961 жылғы Гаага Конвенциясының қолданылатын аумақтардың ішіне Египет мемлекеті тізімге кірмейді).

– адвокаттар Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш берген кезде апостиль қою үшін акт жазбасынын қөшірмесін қоса береді. Акт жазбалары ішкі құжаттар болып табылады және апостиль қоюға жатпайды.   

Мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Семинарды өткізудің мақсаты – «әділет органдарының және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бас тартуларды болдырмау. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1058235?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді