
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТӨРЕШІЛІК ЕТТІ
Сырым ауданындағы А. Шайхиев атындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі үйірмесінің жаттықтырушысы Айбол Оразғалиев әлем чемпионатында төрешілік етті.
⠀
14–15 тамыз күндері Астана қаласында алғаш рет әскери қызметшілер арасында Қазақ күресінен Әлем чемпионаты өткен елі.
⠀
Чемпионат ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы мен ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен жүзеге асты.
⠀
Байрақты бәсекеге 40-қа жуық елден спортшылар қатысты
⠀
– Әлем чемпионатында Батыс Қазақстан облысының өкілі, қазақ күресінің білікті жаттықтырушысы, І дәрежелі төреші Айбол Оразғалиев төрешілік қызмет атқарды.
⠀
Айбол – қазақ күресінен еліміздің білікті төрешілерінің бірі. Ол бірнеше халықаралық додаларда әділ төрелік етіп, мол тәжірибе жинақтаған. – деп жазады ресми парақшасында Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Біз Айболды мықты бапкер, талантты күрес жұлдыздарын тәрбиелеген ұстаз ретінде де танимыз.
“Сырым елі”

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1058780?lang=kk

Жауап қалдыру