Әлем чемпионатындағы қола: Алматының ТЖД қызметкерлері абыройын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ресей Федерациясы, Мордовия Республикасының Саранск қаласында өрт-құтқару спортынан жасөспірім қыздар мен юниор арасындағы X Әлем чемпионаты өтті.
Қазақстан намысын аталған беделді додада Алматы қаласы ТЖД-ның спортшы қыздары қорғады.

Беларусь, Болгария, Ресей, Словакия және Қазақстан құрамалары арасынан қазақстандық команда ерекше ерік-жігер танытып, Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Сайыстың нәтижелері бойынша:
– Елизавета Усманова (үлкен жас тобы)
Жалпыкомандалық есепте — 3-орын иеленді;

– Лианна Шевцова (орта жас тобы)
Жалпыкомандалық есепте — 3-орын;
“Жауынгерлік қанат жаю” сайысында — 3-орын иеленді.

– Анастасия Бунякина (кіші жас тобы)
Жалпыкомандалық есепте — 3-орын;
“Жауынгерлік қанат жаю” сайысында — 3-орын;
Жеке біріншілікте — 2-орын алды (2-қабаттың терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу)

Алматыға оралған спортшы қыздарды әуежайда салтанатты түрде гүлдермен және құттықтаулармен қарсы алды

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1059754?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді