
АҒА БУЫН БАБЫНДА!
Сырым аудандық ,,Қайсар,, спорт клубының ұйымдастыруымен ауылдық округтердегі ардагер спортшылар арасында асық және мылтық ату , дартс түрінен өзара сайыс өткізілді.
Аға буын өздерінің ширақ, мерген, ең бастысы жастарға салауатты өмір салтын ұстануда зор үлгі екендерін көрсетті.
Асық атудан Бақытжан Құлбаев , Қайыржан Ержанов , Халидолла Зайнуллин жүлделі орындарды бөліссе , мылтық атудан Біран Қажымов , Әбіл Бақтияров , Асан Семғалиевтің шоқтықтары биік болды
Ал, дартста ардагерлер арасында Ермекқали Әшімов, Қайыржан Ержанов , Берік Наурызов алдарына ешкімді жібермеді
Жарыста жүлделі орын алғандарға арнайы диплом және ақшалай сыйлықты аталмыш клубтың директоры Ерболат Мұқанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев , Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев құттықтау сөз сөйлеп , салтанатты түрде тапсырды
Сөйтіп , ҚР Констииуциясының 30 жылдығы және жерлесіміз , абыз ақын Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына арналған ардагерлер арасындағы сайыс өз мәресіне жетті
Бейбіт ЖАНСЕРІК ,
,,Қайсар,, спорт клубының нұсқаушысы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1058857?lang=kk

Жауап қалдыру