АЙМАҚ БАСШЫСЫ: ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Шалғайда орналасқан елді мекендерге ауыз су тарту мәселесі аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тікелей назарында. Ауданда ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Елді мекендерге су құбырын тарту жұмыстары жылдан-жылға артуда. Осы тұста, бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев  Жылға ауылдық округіне қарасты Шеңгелді мекенін ауыз сумен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

 

Қазіргі таңда, құрылыс нысанында 60 метр су ұңғымасы қазылып, 5100 метрге ауыз су құбырлары тартылған. Сонымен қатар,  50 дана су құдықшалары  орнатылған. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң, 308 тұрғын үй таза ауыз сумен қамтылатын болады.

 

Сондай-ақ, аймақ басшысы Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақүй елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің құрылыс жүмыстарының барысын пысықтады.

Жобаның мердігер мекемесі «FS Development Group» ЖШСі.Тапсырыс беруші- «Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі».Бүгінде, құрылыс нысанында су ұңғымасын қазу, 11 мың метр ұзындықта  ауыз су құбырларын және 140 дана су құдықшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

 

Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына бірқатар ескертулер атап өтіп, ауыз су құрылысын жоспарға сәйкес мерзімінде және сапалы жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс барысын ауданның тұрғын үй коммнуалдық-шаруашылық бөлімінің басшысы С. Қарақұловқа қадағалауды жүктеді.

 

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1058652?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді