АУДАН ӘКІМІ АРНАЙЫ ІС САПАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс сапарымен Нұраталды ауылдық округіне қарасты Қызылқой ауылы және де Красная поляна ауылдық округіне қарасты Бекет ауылына барды.
Қызылқой мен Бекет ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылыс барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстың жайымен танысып, жауапты сала басшысына және мердігерге жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалау қажеттігін атап, судың сапасы барлық талаптарға сәйкес келуін талап етті. Сонымен қатар Бекет ауылында асфальт төсеу жұмыстарының қарқынын көріп, Бекет негізгі орта мектебінің алдағы оқу жылына дайындығын тексерді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1058215?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді