Ауылда жаңа қоғамдық қор құрылмақ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауылда жаңа қоғамдық қор құрылмақ!

М.Әубәкіров атындағы орта мектептің мәжіліс залында ауыл азаматтарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында округ әкімі Б.Сүлейменов алдымен ауылда соңғы уақытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, ауылдың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік жағдайын көтеру үшін тек мемлекет қолдауына сүйенбей, тұрғындардың да белсенділігі қажет екенін атап өтті. Осы мақсатта ауылымызда қоғамдық қор құру жоспарланып отырғанын жеткізді. Әкім қордың басты міндеттері – әлеуметтік жобаларды іске асыру, ауыл инфрақұрылымын дамыту, жастарға қолдау көрсету, мәдениет пен спортты өркендету, сонымен қатар қайырымдылық істеріне бағытталатынын нақтылады.

Келесі сөз кезегін ауыл азаматы, ұстаз Ж.Айдаболов алып, қордың жұмыс істеу бағдарламасын таныстырды. Ол қордың құрылу жолдары, жұмыс жүргізу тәртібі, қаражатты пайдалану тетіктері туралы жан-жақты түсіндіріп берді. Айдаболовтың айтуынша, қордың мақсаты қысқа мерзіммен шектелмей, кемінде 5-10 жылға жоспарланған жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Бұл бастама ауылдың жүйелі әрі тұрақты дамуына жол ашады.

Жиын барысында сөз алған ауыл азаматтары да өз ойларын ортаға салып, қор құру бастамасын қолдайтындарын айтты. Олар мұндай игі істің болашақта ауылдың әлеуетін арттырып, жастарға да үлгі болатынын атап өтті.

🔔 Жиын қорытындысы бойынша ауылымыздың әлеуметтік әрі перспективалық дамуы үшін қоғамдық қор құрылатын болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1058455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді