Депутаттар тұрғындарды қабылдады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылдың 25-29 тамыз аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Д.Абизов, Ж.Жарасбаев, А.Мұсабаева, Б.Сыздықов, Б.Еркебаев, Е.Базарбай тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
– Қоғамдық көлікке қатысты, нақты айтқанда ескі базар аумағында қоғамдық көліктер көп аялдап, жолаушылардың уақытын жоғалтатындығы;
– «Сырдария» мөлтек ауданындағы Мамыр көшесіне кешкі жарық бағаналарын орнату;
– Бәкіров тұйығын асфальттау (Нұр мешіті жаны);
– Дулатов көшесіне кешкі жарық бағаналарын орнату;
– «Эдельвейс», «Орбита» саяжайларын газдандыру, жол, кешкі жарықтандыру, қоғамдық көлікті саяжай арқылы жүргізу;
– Жұмысқа орналастыру мәселесі.
Депутаттар қабылдау барысында көтерілген мәселелерге қатысты қолданыстағы Заңға сәйкес түсіндірмелер беріп, құзырлы органдар арқылы шешілетін мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1059682?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді