
Ақтөбе жол дистанциясы хабарлайды: 2025 жылғы 29 тамызда Мәртөк станциясындағы күзетілмейтін теміржол өткелінде (1709 км пк 10) өткел төсемін ашумен жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін (жергілікті уақытпен) күндізгі уақытта атқарылады. Осы уақыт аралығында автокөлік құралдарының өткел арқылы қозғалысы толықтай жабылады.
Құрметті тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардан түсіністік танытып, алдын ала балама жолдарды жоспарлауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1058510?lang=kk

Жауап қалдыру