КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТПЕН АТАП ӨТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, жамбылдықтарды елдік мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы құттықтау сөзінде Ата Заңның мемлекетіміздің дамуындағы айрықша маңызын атап өтіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және әлеуметтік саладағы жетістіктерге кеңінен тоқталды.

Жиын барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар мемлекеттік және облыстық наградалармен марапатталды. Олардың қатарында «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды.

Салтанатты жиыннан кейін Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония ұжымы көпшілікке арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Өнерпаздар орындаған әндер мен би нөмірлері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің мәнін айшықтай түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1059290?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді