Маймыл шешегі – сирек кездесетін вирустық ауру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маймыл шешегінің негізгі белгілері:

–        жоғары температура;

–        бұлшықет ауруы;

–        лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қызба;

–        бөртпе.

Ауру:

–        адамнан адамға тұрмыстық, жыныстық және трансплацентарлы жолмен;

–        жұқтырған адам пайдаланатын тұрмыстық заттар арқылы;

–        жануарлардың шағуы арқылы беріледі.

Инфекцияның таралу мүмкіндігін болдырмау үшін эндемиялық елдерге баруды жоспарлап отырған азаматтарға келесі сақтық шараларын қолдануды ұсынамыз:

  1. Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Вирус жұқтырған маймылдардан, егеуқұйрықтардан және басқа жануарлардан таралуы мүмкін.
  2. Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың азығымен байланыста болған жағдайда қорғаныс киімдер мен қолғап қолдану маңызды.
  3. Гигиенаны сақтаңыз. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялық құралдарды қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
  4. Маймыл шешегі тіркелген елдерге аса қажеттіліксіз баруға кеңес бермейміз.
  5. Алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралыңыз. Егер бөртпе, жоғары температура және басқа белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1059207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді