
2025 жыл5ы 19 тамызда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбындағы ұстаздардың облыстық тамыз конференциясына қатысты.
Жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтердің басын қосып, білім саласының даму бағытын айқындайтын маңызды жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев, ҚР Оқу-ағарту бірінші Вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-президенті Анар Шынболатқызы Тәңірбергенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, облыстық мәслихат депутаттары, аудан және Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарлары, құқық қорғау және атқарушы органдардың басшылары, кәсіподақ ұйымдары мен азаматтық қоғам өкілдері, білім саласының еңбек ардагерлері, ардақты ұстаздар мен жас педагогтер қатысты.
Конференция барысында білім саласының өзекті мәселелері бойынша тәжірибелі мамандардың баяндамалары тыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/1058263?lang=kk
Жауап қалдыру