Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецовпен келіссөздер жүргізді.

Тараптар өнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылап, машина жасау саласындағы өзара іс-қимылға, оның ішінде жаңа бірлескен өндіріс орындарын құруға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге ерекше көңіл бөлді.

Бүгінгі таңда Беларусь Республикасымен жобалар пулы құны 200 млн АҚШ долларынан асатын 14 жобаны қамтиды.

Ағымдағы жылдың 29-30 қыркүйегінде Минск қаласында өтетін ИННОПРОМ көрмесіне қазақстандық делегацияның қатысуы туралы мәселе келісілді.

Келіссөздердің жеке тармағы ағымдағы жылдың 22 қазанында Астанада өтетін Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысына дайындық мәселелерін қарау болды.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді және металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру салаларындағы өндірісті оқшаулауды қамтитын Өнеркәсіптік кооперацияның жол картасын әзірлеу бойынша бұрын қол жеткізілген келісімдерді растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1058946?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді