Қаланы 2025-2026 жылғы жылу беру маусымына әзірлеу барысына қоғамдық бақылау жалғасуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері 27 тамызда № 1 жылу станциясында болып, ондағы атқарылған жұмыстар көлемін тағы бақылады.  Кәсіпорын бас инженері  В.Лазарев және ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі М.Кокшин тиісті түсініктемелер берді. Бүгінгі күні №1 су жылыту қазандығының ағымдағы жөндеуі аяқталып, гидравликалық сынақ жүргізу жоспарланып отыр.  №2 жылыту қазандығында оқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын. №3, 4  қазандықтарында жөндеу жұмытары жалғасуда. Сондай-ақ жұмыс тобы жаңадан орнатылатын эмульгаторлардың жұмыс істеу процессімен танысты. Кәсіпорын маманының айтуынша барлық қазандықтарға шламұстағыш (грязовик) орнату қажет. Жұмыс тобының бақылауы одан әрі жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/1058323?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді