Қарағанды облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі таңда қызылшамен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайы қанағаттанарлық, жүргізіліп жатқан иммундау іс-шараларына байланысты қызылшаның жекелеген жағдайлары тіркелуде.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызылша ауруы 140 еседен астам төмендеді (2024ж. 6 айында – 2140 жағдай).  Жыл басынан бері қызылшаның зертханалық расталған 15 жағдайы тіркелді. Науқастардың жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалар басым болуда, бұл ретте 15 жағдайдың 11 жағдайында ауру басқа елдерден немесе республиканың басқа қалаларынан әкелінді. Бірақ қызылша 70% жағдайда вакцинацияланбаған балалар есебінен тіркелуді жалғастыруда.

Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың төмендеуі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілген вакцинация, жоспарлы, толықтыра иммундау есебінен байқалады. 2024 жылы 67 мыңға жуық бала мен жасөспірім қызылшаға қарсы екпе алды. Вакцинациядан кейін қолайсыз көріністер екпе алғандар арасында тіркелмеген.  

Қызылша – ауа арқылы таралатын өте жұқпалы инфекция. Асқынулар адам ағзасы үшін  өте ауыр болуы мүмкін.

Қызылша кезінде: пневмония (өкпенің қабынуы), энцефалит (мидың қабынуы, ол жүйке тіндерінің бұзылуымен бірге жүреді және жүйке жүйесінің нашарлауына әкелуі мүмкін, оның бір көрінісі құрысулар), көздің қабығының немесе ортаңғы құлақтың қабынуынан туындаған көру немесе есту қабілетінің жоғалуы орын алады.

Қызылша вакцинамен басқарылатын инфекция және әдетте вакцинацияланбаған балалар арасында аурудан кейінгі жоғары зақымдану байқалады.     Статистикаға сәйкес, вакцинацияланбаған балалар екпе алғандарға қарағанда әлдеқайда жиі және ауыр зардап шегеді. Вакцинацияланған бала ауырып қалса да, ауру оңай және асқынусыз жүреді.

Қазақстанда қызылша мен көкжөтелге қарсы иммундау тегін жүргізіледі.  Вакцинация қызылшаға қарсы – біріншісі-12-15 ай, екіншісі – 6 жаста жасалады. Үш компонентті вакцина – қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы  қолданылады.

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ – ВАКЦИНАЦИЯ!

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1058299?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді