Қарақияда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданында тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру және түсіндіру мақсатында арнайы қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Аталған жәрмеңке 26-27 тамыз күндері Жетібай және Мұнайшы ауылында өткізілді.

Жәрмеңке барысында тұрғындарға әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, спорт салалары бойынша, сондай-ақ, «Отбасын қолдау орталығы» мамандары тарапынан толық әрі түсінікті кеңестер берілді.

Ауыл тұрғындарының өтініштері қабылданып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Шараға келген азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу жолдары түсіндіріліп, тиісті көмектер көрсетілді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1058141?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді