
Ауданымыздың тарих сахнасындағы маңызы тағы бір мәрте дәлелденді. Жуырда өңірдегі Бөген су қоймасы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында қола дәуіріне тиесілі аса құнды жәдігерлер табылып, еліміздің көне мәдениеті мен өркениетінің жаңа беттері ашылуда.
Белгілі археолог А.Н. Подушкин жетекшілік еткен ғылыми экспедиция барысында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде:
Мамандардың айтуынша, бұл – Орталық Азия тарихы үшін тың жаңалық, себебі мұндай жәдігерлер алғаш рет Орталық Азия бойынша Ордабасы аумағынан табылып отыр.
Барлық табылған бұйымдар ғылыми тұрғыда зерттеліп, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің қорына өткізілетін болады.
“Бұл – халқымыздың бай тарихының айқын дәлелі. Археологиялық зерттеу жұмыстарына аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады”, – деп атап өтті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1058877?lang=kk

Жауап қалдыру