
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров Ақсу-Аюлы ауылындағы Құмжон көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарымен танысып, сапасына бақылау жүргізіп өтті. Асфальт жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 1,8 шақырымды құрайды. Жол төсеу жұмыстарымен танысқан аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарына жауапты сала басшыларымен мен мердігер өкілдеріне асфальттау жұмыстарының стандарттарға сәйкес сапалы төселуін қатаң бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар, аталған көшеде орналасқан тұрғын үй ауласын абаттандыру жұмыстарыда жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1058220?lang=kk
Жауап қалдыру