Шағын футболдан күш құрылымдары арасында ТЖД турнирі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚР ТЖМ құрылуы мен Конституцияның 30 жылдығына орай  Павлодар облысы ТЖ Департаменті ұйымдастырған шағын футболдан турнир басталды.
Алаңға 10 команда шықты. Күштік және құқық қорғау құрылымдарының өкілдері: ТЖД, ҰҚК, облыстық сот, ЭТД, прокуратура, ҚСжАЕКБ, полиция, МКҚБ, әскери бөлімдері командалары қатысты.
Турнирдің мақсаты – спорттық дайындықты дамыту, салауатты имиджді насихаттау, кәсіби шеберлікті арттыру және қызметкерлердің командалық рухын нығайту болып табылды.  
Бірінші күні екі кіші топтан іріктеу өткізілді, олардың нәтижелері бойынша жүлделі орындарды өзара ойнайтын 4 команда анықталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1058464?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді