Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен және Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті жерлестер!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен және Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

1995 жылы қабылданған Конституция Тәуелсіз Қазақстанның берік құқықтық негізіне айналды. Ол – еліміздің демократиялық дамуының, бірлігі мен тұрақтылығының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі.

30 жыл ішінде Конституция ел дамуының темірқазығына айналып, тарихи маңызды реформалар мен өзгерістерге жол ашты. Бұл – баршамыз үшін мақтаныш пен жауапкершілік.

Осы мерейлі мерекеде сіздерге мықты денсаулық, ырыс-құт, егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

 

Аудан мәслихатының төрайымы                 А. Айтпаева

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1058738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді