ТҮРКІСТАНДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖАҢА ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінде Сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұйымдастыруымен жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға арналған жиын өтті.
Жиын барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 5 сәуірдегі №221-VII ҚР Заңы және Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес енгізілген жаңа тәртіп жан-жақты түсіндірілді.
Осыған орай, енді жер учаскесіне құқық беру процесі бұрынғыдай Геопортал жүйесі арқылы емес, «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының автоматтандырылған жұмыс орны» (АРМ ЕГКН) жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұрын қолданыста болған Геопортал жүйесі өз жұмысын тоқтатты.
Бұдан былай жер учаскесіне қатысты барлық мемлекеттік қызметтер жаңа база – АРМ ЕГКН жүйесі арқылы көрсетілмек. Жиында «Жер учаскесіне құқық беру» мемлекеттік қызметін алу тәртібі, оның қадамдары мен рәсімдері кеңінен талқыланып, қатысушыларға толыққанды түсіндірілді.
Аталған жаңа жүйе қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасап, ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1058201?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді