
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық статистика бюросының алты қызметкері мемлекет пен қоғам мүддесіне адал қызмет еткені және жоғары кәсіби біліктілігі үшін «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерейтой медалімен марапатталды.
1. Мисюра Марина Владимировнаға – Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаментінің директоры;
2. Торғауытова Ирина Сағындыққызына – Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті директорының орынбасары;
3. Сәрсембеков Санат Қайратұлына – Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл басқармасының басшысы;
4. Садуов Серғазы Тұрсынұлына – Бюроның Ақпараттық-есептеу орталығының деректер сапасын бақылау департаментінің директоры;
5. Арыстаналиева Роза Сапарқызы – Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары
6. Оқубаева Жазира Маратқызына – Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы.
«Бұл – халықтың еркін білдіретін, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет құруға ұмтылысын айқындайтын маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Конституция әрбір азаматқа теңдік, бостандық және әділдікке кепілдік береді. Сіздердің еңбектеріңіз осы қағидаттардың күнделікті жұмыста жүзеге асуына септігін тигізеді. Баршаңызды Конституцияның 30 жылдығымен құттықтаймын, зор денсаулық, табыс пен береке-бірлік тілеймін», – деді ол құттықтау сөзінде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1059243?lang=kk
Жауап қалдыру