Жасанды интеллектті қолдану бойынша мұғалімдерге тегін оқыту жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
💻 Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту басталды. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдердің кәсіби даярлығын заманауи талаптарға сай жетілдіру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, қазақстандық оқу жүйесіне бейімделген.
🔗 Оқыту барысында педагогтер:
• жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдануды;
• промпт жазу әдістерін;
• сабақ жоспарлау тәсілдерін;
• тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді;
• иллюстрациялар жасауды;
• оқу мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын меңгереді.
✅ Бағдарлама жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал ретінде қолдануға бағытталған. Ол мұғалімге шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
🌐 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған бұл оқуға мұғалімдер https://reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында тегін қатыса алады. Бір аптаның ішінде 100 мыңға жуық адам қатысып, соның жартысына жуығы сертификат алды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhetysu/press/news/details/1059241?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді