Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды.
Рингке бірінші болып шыққан 3 дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай финалдық айқаста үнді спортшысы Минакши Минакшиге 1:4 есебімен жол берді.
Назымды әлем чемпионатындағы бесінші жүлдесімен құттықтаймыз👏🏻
🏆Назым Қызайбайдың жарыстағы жолы:
✅1/8 финал. 🇭🇺Лилла Селецки – техникалық нокаут
✅1/4 финал. 🇺🇦Ханна Охота (әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – 5:0
✅1/2 финал. 🇺🇿Сабина Блбокулова – 4:1
⏳Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?
🥉🇮🇳2006 жыл. Назгүл Боранбаева (46 келі)
🥉🇧🇧2010 жыл. Назгүл Боранбаева (48 келі)
🥉🇨🇳2012 жыл . Назым Қызайбай (48 келі)
🥇🇰🇷2014 жыл. Назым Қызайбай (48 келі)
🥇🇰🇿2016 жыл. Назым Қызайбай (48 келі)
🥈🇹🇷2022 жыл. Алуа Балқыбекова (48 келі)
🥉🇮🇳2023 жыл. Алуа Балқыбекова (48 келі)
🥇🇷🇸2025 жыл. Назым Қызайбай (48 келі)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1067343?lang=kk
Жауап қалдыру