
2025 жылдың 18 қыркүйегінде Жамбыл облысының Әділет департаменті Жамбыл облысының жастар ұйымдары қауымдастығымен бірлесіп, «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Іс-шара Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты жәнеЖамбыл облысы «Заң консультанттары палатасының» заң консультантының қатысуымен ұйымдастырылды.
Акция аясында өңір тұрғындары тегін заң көмегін алды. Мамандар азаматтық, отбасылық, еңбек және әкімшілік құқық мәселелері бойынша кең ауқымды сұрақтарға кеңес берді. Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әділет органдарына деген сенімді нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1071386?lang=kk

Жауап қалдыру