
Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.
Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады: – «Астаналық цирк» автотұрағы; – «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы; – «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ; – Орталық саябақ автотұрағы; – «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ. Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1071430?lang=kk

Жауап қалдыру