
2025 жылғы 19-20 қыркүйек күндері Ақтөбе облысында ұлы ойшыл, көреген би, жырау Мөңке би Тілеуұлының туғанына 350 жыл толуына орай республикалық деңгейдегі ауқымды мәдени-танымдық және ғылыми шаралар өтеді.
Бағдарлама аясында:
– Ұлттық ат спорты – бәйге (19 қыркүйек, сағ. 10:00, Ипподром);
– «Мөңке би» тарихи драмасының тұсаукесері (19 және 20 қыркүйек, 18:30, Т.Ахтанов атындағы театр);
– Ескерткішке гүл қою рәсімі (20 қыркүйек, 09:30);
– Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция – «Мыңжылдықты болжаған Мөңке би» (20 қыркүйек, «Өнер орталығы»,10:00);
– Этноауылда ұлттық спорт түрлері, жыр мүшәйрасының қорытындысы және концерттік бағдарлама (20 қыркүйек, 12:30).

Шаралар еліміздің рухани-мәдени мұрасын ұлықтауға, Мөңке би тұлғасын насихаттауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1070234?lang=kk

Жауап қалдыру